ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫРЫСЫ

2018 жылғы 12 қазанда ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ 2018 ЖЫЛҒЫ 5 ҚАЗАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА : “ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ” ЖОЛДАУЫН талқылау жөніндегі Ғылыми кеңестің кезектен тыс, кеңейтілген отырысы өтті.

Президент өз Жолдауында адам өмірінің әртүрлі салаларындағы 10 негізгі басымдық міндеттерін қояды, олардың әрқайсысы туралы Ғылыми кеңесте сөйлеушілер айтуға тырысты.

Академия ректоры, профессор Қ.Н. Меңлібаев бірінші болып сөз сөйледі, ол Президенттің Жолдауы Президенттің Қазақстан халқына жолдаған барлық үндеулерінің қисынды жалғасы болып табылатынын және сайып келгенде қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуіне әкелетінін атап өтті.

2019 жылды Ұлт көшбасшысы жастар жылы деп жариялады. Отырыста Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы Е.М. Ермағамбетов “Жастар қауымдастығының қозғаушы күші” тақырыбында баяндама жасап, ғылыми кеңестің мүшесі, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының студенті Мағрупжан Бексұлтан “Жастарды жігерлендір, Жолдау” тақырыбында баяндама жасап, Президенттің Жолдауын жүзеге асыру бойынша жастарды қолдаудың пайдасына өз іс-шараларын ұсынды.

Түлектерді жұмысқа орналастыру тақырыбын филология ғылымдарының кандидаты, шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының профессоры Б.М. Ибраева қозғады. Ол осы мәселе бойынша кафедраның жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Қазіргі уақытта “Педагог мәртебесі туралы” Заңды қабылдауға дайындық жүргізілуде. Заң пәндері кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, профессор А.Т. Қабжановтың “Педагог мәртебесін жетілдіру перспективалары”тақырыбындағы баяндамасы да өзекті болды.

Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Р. Н. Жапанова “Заман талабына сай түлектердің жоғары әлеуметтік-кәсіпшілікті қамтамасыз ету” тақырыбында баяндама жасады.

Мемлекеттік аппараттың азаматтарға бағдарлану тақырыбын, сыртқы саясаттың басымдықтарын, әрбір қазақстандықтың қатысуын жалпы білім беру пәндері кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Е.Б. Қасенов өз баяндамасында қозғады.

ҚР Денсаулық сақтау саласындағы статистиканы медицина ғылымдарының докторы,фармацевтикалық пәндер кафедрасының профессоры Г. Т. Тнимова ұсынды.

ҚР Құқық қорғау және сот жүйесін реформалау мәселелерін заң пәндері кафедрасының доценті А.А. Жукобаев қозғады.

Жолдаудың қаржылық аспектілері де қарастырылды. Бұл туралы экономика ғылымдарының кандидаты, Қаржы кафедрасының доценті А. К. Мұсанова айтып берді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.