Жаңа 2020-2021 оқу жылының Ғылыми кеңесінің алғашқы отырысы

2020 жылдың 28 тамызында жаңа 2020-2021 оқу жылының Ғылыми кеңесінің алғашқы отырысы онлайн режимінде өтті.

Дәстүр бойынша ғылыми кеңесті “Bolashaq” академиясының ректоры профессор К. Н.Меңлібаев ашты. Сондай-ақ Академияның жаңа оқытушылары ұсынылып, бөлімшелердің жаңа басшыларын құттықтады.

Отырыс барысында Ғылыми кеңестің 2020-2023 жылдарға арналған құрамы бекітіліп, талқылауға ұсынылып. Ғылыми кеңестің ағымдағы оқу жылына арналған жұмыс жоспары бекітілді. Мәселелер бойынша жауапты ғылыми хатшы Ж.М. Акпарова.

Стратегиялық даму жөніндегі проректор Г.М. Рысмағамбетова ұжымды”Bolashaq”академиясының құрылымындағы өзгерістермен таныстырды.

ОӘЖ жөніндегі проректор У. Т. Киреева ” Bolashaq “академиясының «Жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындығы туралы”, “Академияның 2020-2021 оқу жылына арналған оқу құжаттарын бекіту туралы” кең көлемді баяндама жасады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.