2024 жылғы 27 ақпанда «Bolashaq» Академиясы ЖММ қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы Ахметова Н.Т. жоспарлы түрдегі кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша Қарағанды қаласы № 41″Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясы” КММ-де болып қайтты.
Аталған білім беру мекемесінде биыл оқу бітіруші 2- сынып бар, әр сыныпта 23 оқушыдан, жалпы саны – 46 түлек.
Кәсіби бағдар беру жұмысы барысында «Педагог мамандығының қыр-сыры» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оқушыларға талапкер міндеті – мамандық таңдауда және таңдаған мамандығы аясында сапалы білім беретін оқу ордасын таңдауда қателеспеуде екендігі туралы, бір қарағанда, бұл қарапайым, алайда ғылым мен технология бәсекесі күшейген заманауи қоғамда әрбір талапкерді шындап ойландыратын, әрбірінің алдынан шығатын маңызды мәселе екендігі туралы айтылды.
Ахметова Н.Т.: «Педагог – ұстаз – таудан арқырай аққан тау өзені секілді, айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып, дамылдайды. Ұстаз – Жер деген әлемнің бетін көркейткен, шәкірттеріне шуақ төккен Күн-Ана. Ұстаз – ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары. Өзге мамандық атаулылары өздерінің түр-сипатын мың құбылтып жатса да, еш өзгеріссіз сол бәз баяғы қалпында жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттердің дәнін еккен диқаншы…»
Іс-шара барысында оқушылар, өткен айда оларға, мектеп бітіруші түлектерге арнап Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ оқытушылары келіп дәріс оқығандығын айтты, және де «Bolashaq» Академиясы тарапынан, мысалы, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы пәндерінен оқытушылардың бізге дәріс оқу мүмкіндігі болса…, деген ойларын білдірді.
Түлектерге «Bolashaq» Академиясы ЖММ білім беру бағдарламалары туралы кеңейтілген ақпарат берілді, буклеттер мен Академия өмірі туралы мәліметтермен таныстыратын «ЛиМоНаД» журналдары көрсетілді.
Оқушылар өздері білгісі келген мәліметтер туралы сұрақтар қойып, оған дәйекті жауаптар алды.