Ректорат

 Ғылыми кеңес отырыстары арасындағы кезеңде ЖОО қызметінің ағымдағы мәселелерін жедел шешуді қамтамасыз ететін алқалы кеңесші орган болып табылады.

Ректорат келесі функцияларды орындайды: Ғылыми кеңестің және Академияның басқа да басқару органдарының құзыретіне жататын мәселелерді алдын ала пысықтауды және олар бойынша ұсынымдар дайындауды қоса алғанда, ректордың өкілеттіктерін, оның бұйрықтарын, өкімдері мен тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді. Ректорат отырыстарында оқу, ғылыми және тәрбие үдерістерін ұйымдастырудың сапасын арттыруға бағытталған мәселелер, жекелеген бөлімшелердің жұмысы туралы есептер, студенттерді оқытудың сапалы деңгейін арттыру, профессорлық-оқытушылық құрамды дайындау, біліктілігін сақтау және арттыру және т. б. мәселелер қарастырылады.

Ректоратқа басшылықты тікелей академия ректоры жүзеге асырады.

Ректорат құрамына ректор, ғылыми хатшы, проректорлар, орталық директорлары, кафедра меңгерушілері, Академияның барлық құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары кіреді. Қажет болған жағдайларда ректорат отырысына ЖОО оқытушылары мен қызметкерлері шақырылуы мүмкін

Ахметова Ботагоз Тельмановна

Лауазымы: “Bolashaq”академиясының Ғылыми кеңесінің ғылыми хатшысы

Ғылыми атағы: экономика ғылымдарының магистрі

Мекен-жайы: Қарағанды қ., Ерубаева 16, 228 каб.

Телефоны: 42-04-25, ішкі. 008

E-mail:

Жұмыс кестесі: 9.00-18.00