Бәрі де «Алаш үшін» тақырыбында терең мазмұнды дәріс

Бүгін «Алаш айлығы» жобасы аясында Академияға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы (Атырау қ.) Аққали Қабижанұлы Ахмет келіп, «Атыраулық алаштықтар: Бәрі де Алаш үшін» тақырыбында терең мазмұнды дәріс оқыды.

Кездесу барысында есімдері көп атала бермейтін, бірақ Алаш қозғалысында айрықша із қалдырған тұлғалардың өмір жолы мен мұралары кеңінен баяндалды. Профессор тың деректерге сүйене отырып, бұрын жария бола бермейтін тарихи фактілерді ашып, студенттердің таным көкжиегін кеңейтті.

Бұл дәріс Алаш тарихының тың қырларын танытып, ұлттық рухты нығайтуға бағытталған құнды мәліметтермен ерекшеленді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.