2026 жылдың 27 ақпанында Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен Жастар орталығында «Менің заң шығармашылық бастамам» атты өңірлік байқауы

2026 жылдың 27 ақпанында Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен Жастар орталығында «Менің заң шығармашылық бастамам» атты өңірлік байқау жоғары деңгейде өтті.

Байқаудың басты мақсаты – жастардың заң шығармашылығына қызығушылығын арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру және болашақ заңгерлердің бастамаларын қолдау болды. Аталған іс-шараға өңірдегі жоғары оқу орындарының заң факультеттерінің студенттері қатысып, өздерінің тың заңнамалық ұсыныстары мен креативті жобаларын таныстырды.

Қатысушылар құқық саласындағы өзекті мәселелерге жаңашыл көзқарас ұсынып, кәсіби біліктіліктерін, құқықтық талдау жасау қабілеттерін және шешендік шеберліктерін көрсете білді. Байқау өзара тәжірибе алмасу алаңына айналып, студенттер үшін маңызды шығармашылық әрі ғылыми қадам болды.

Аталған байқауда Bolashaq Академиясы атынан қатысқан Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының Ю-25-2 тобының студенті Рамазанова Еркежан Бауырданқызы І дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар Ю-24-1 тобының студенті Орнықпай Аман ІІ дәрежелі диплом иеленіп, академия абыройын асқақтатты.

Орнықпай Аман өз баяндамасында құқық саласындағы маңызды мәселелердің бірін жан-жақты талдап, нақты ұсыныстар мен тиімді құқықтық тетіктер ұсынды. Оның жұмысы мазмұндылығымен, ғылыми негізділігімен және тәжірибелік маңыздылығымен ерекшеленді. Қазылар алқасы студенттің заңнаманы жетілдіруге бағытталған бастамасын жоғары бағалады.

Бұл жетістіктер – студенттердің сапалы білім алып, кәсіби тұрғыдан қалыптасып келе жатқандығының айқын дәлелі. Байқау қатысушыларына алдағы уақытта да шығармашылық табыс, ғылыми ізденіс және жаңа жетістіктер тілейміз! Жетекшілері:

  1. Заң ғылымдарының кандидаты, профессор Кабжанов А.Т
  2. Заң ғылымдарының магистрі,аға оқытушы Копжассаров С.И

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.