Оқу жылы аясында оқу үдерісін ұйымдастыру Академиялық күнтізбе негізінде жүзеге асырылады, оны ғылыми кеңес бекітеді (31.08.2021 ж. № 1 хаттама).
Студенттерге оқу үрдісі туралы ақпарат беруге арналған, атап айтқанда: оқудың басталу және аяқталу кезеңдері, сессияның басталу және аяқталу күні, емтихан күндері, аралық бақылау кезеңдері, каникулдар, кәсіби практикалар және т. б.
Жедел, қосымша оқу қажеттілігін қанағаттандыру, академиялық қарызды жою, сондай-ақ оқу бағдарламаларындағы айырмашылықты қанағаттандыру үшін ұзақтығы 6 аптаға дейін жазғы семестр ұйымдастырылады.