2026 жылдың 30 қаңтарында Қарағанды қаласы білім бөлімінің «№66 мектеп-лицейі» КММ-де жоспарға сәйкес «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өткізілді. Кездесу барысында Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушылары Н.К. Касетова мен Қ.Қ. Жанузахова оқушыларға «Bolashaq» Академиясы туралы толық ақпарат берді. Академияда жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары, қабылдау […]
Monthly Archives: Қаңтар 2026
Бүгін «Bolashaq» Академиясы мен Қарағанды қаласындағы TOEFL-дің ресми серіктестері «Dream Way» білім беру ұйымы арасында білім беру, ғылыми және практикалық салалардағы өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Стейкхолдерлермен ынтымақтастық – жоғары оқу орнының тұрақты дамуының негізі. Осы мақсатта «Bolashaq» Академиясы жұмыс берушілермен, мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен, түлектермен […]
Бүгін «Bolashaq» академиясында көктемгі семестрдегі алғашқы әрі кезекті оқу-әдістемелік кеңестің отырысы өтті. Бұл — білім беру мазмұнына, оқу үдерісін ұйымдастыруға және студенттердің білім нәтижелеріне ықпал ететін прагматикалық шешімдер қабылданатын негізгі алаң. Дәл осы жерде білім беру бағдарламаларын жаңарту, инновациялық оқыту әдістемелерін енгізу және кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз етуге бағытталған тәсілдер […]
26.01.2026 ж. Академияның негізгі корпусындағы конференц-залда кеңейтілген Ғылыми-техникалық кеңес отырысы өтті. Отырысқа барлық ҒТК мүшелері, ҒЗЖ және ҒЗЖМ бойынша жауапты тұлғалар, кафедра меңгерушілері қатысты. Отырыста Академияның ғылыми қызметін дамытуға қатысты негізгі мәселелер қаралды. Күн тәртібінің бірінші мәселесі – 2025 жылғы Академияның даму Стратегиялық жоспарының (ғылыми бағыт) орындалуы туралы есеп болды. […]
«Bolashaq» Академиясы 2026 жылдың 26 қаңтары мен 6 наурызы аралығында “Bolashaq Science Awards” ғылыми жобалар конкурсын жариялайды. Өтінімдерді қабылдау: 2026 жылдың 26 қаңтары мен 6 наурызы. Нәтижелерді жариялау уақыты: 2026 жылдың 16 наурызы. Жүлде қоры: 1 500 000 теңге: 1-орын – 800 000 теңге 2-орын – 500 000 теңге 3-орын […]
2026 жылғы 26 қаңтарда Шетел тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының оқытушылары Әбілжан Алтынай Болатқызы және Абдрешева Мадина Каббасовна Қарағанды қаласындағы №16 мектепте кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға «Bolashaq» академиясы, сондай-ақ «Шетел тілі және екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы таныстырылды. Оқытушылар оқу үдерісінің ерекшеліктері, пәндер мазмұны, академиялық […]
Қасиетті Сыр топырағында өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі тарихи белес болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жолғы басқосуда ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға, мемлекеттік басқару жүйесін түбегейлі реформалауға және рухани құндылықтарды ұлықтауға бағытталған стратегиялық бастамаларды жария етті. Филолог-ғалым ретінде мені бұл жиында көтерілген тарихи сананы жаңғырту мен мемлекеттік […]
2025 жылғы желтоқсан айында Шетел тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының студенттері ағылшын тілі бойынша II Халықаралық олимпиадаға қатысты. Олимпиаданы Франциск Скорина атындағы Гомель мемлекеттік университеті (Беларусь Республикасы, Гомель қ.) ұйымдастырды. Аталған олимпиадаға кафедрадан 25-тен астам студенттің қатысуы студенттердің кафедраның ғылыми-зерттеу қызметіне жоғары деңгейде тартылғанын көрсетеді. Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылар тілдік […]
15.12.2025-02.01.2026 жж. Аралғында «Фармация» білім беру бағдарламасының 5 курс күндізгі және 3 курс қысқартылған күндізгі оқу бөлімінің студенттері «Фитохимия ғылыми-өндірістік орталығы» АҚ (Қарағанды қ.) дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау бойынша өндірістік тәжірибеден өтті. Тәжірибені химия ғылымдарының кандидаты, доцент О.А. Сиволобова және аға оқытушы Д.С. Тутай жетекшілігімен өтті. Тәжірибе мақсаты […]
Қабжанов Ақылбек Тайбулатұлы «заманауи оқу басылымын құру: идеядан басылымға дейін»онлайн оқыту курсын сәтті игерді. Курс білім беру кітап шығару саласындағы сарапшылардың басшылығымен сапалы оқу материалдарын әзірлеудің практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Оқыту аясында оқу басылымын құрудың негізгі кезеңдері қарастырылды – тұжырымдама мен құрылымнан бастап басылымға дайындыққа дейін. Бағдарлама көлемі: 72 сағат. […]
15–16 қаңтар күндері Астана қаласында «Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету: жай-күйі және даму перспективалары» атты республикалық форум өтті. Форум жоғары білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жүйесін дамыту және заманауи тәсілдерді енгізу мәселелеріне арналды.«Bolashaq» Академиясы атынан форум іс-шараларына Академия ректоры — Аданов Қуанышбек Буланович және «Фармация» кафедрасының меңгерушісі — Тулебаев […]
2026 жылдың 16 қаңтарында педагогика кафедрасының аға оқытушысы Жапанова Риза Набиевна 6D010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша «Бастауыш мектеп білім алушыларының салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары» тақырыбында докторлық (PhD) диссертациясын сәтті қорғады. Риза Набиевнаның бұл ғылыми жетістігі – білім беру саласындағы өзекті мәселелерді […]
2026 жылдың 16-қаңтарда педагогика кафедрасының аға оқытушысы Мекадилова Самал Кемелбаевна Қарағанды облысы білім басқармасының, Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің білім алушыларымен, Балқаш қаласы білім бөлімінің “Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі” КММ 10, 11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді . Кездесу барысында «Bolashaq» академиясының ЖОО арасындағы орны, білім […]
«Bolashaq» Академиясының 30 жылдық мерейтойына арналған «Ғылым және жоғары білім: саясат, тәжірибе, перспективалар» атты 2026 жылғы Қысқы мектеп аясында Дана Саламатқызы Асакаева «Университеттің ғылыми стратегиясындағы тұрақты даму мақсаттары: жаһандық мақсаттарға назар аудара отырып, қалай зерттеуге және жариялауға болады» тақырыбында семинар өткізді. Қатысушылар университет ғылымын 2030 жылға дейін тұрақты даму мақсаттарының […]
2026 жылғы 12 қаңтарда Қарағанды қаласындағы «Жұлдыз» балабақшасы базасында «Bolashaq» Академиясы оқытушыларының әр жылдардағы түлектермен кәсіби байланысты нығайту және педагогикалық тәжірибе алмасуға бағытталған жұмыс кездесуі өтті. Іс-шараға педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Шалтаева Р.Ж., педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Бокижанова Г.К., педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Жанысбаева Р.М., сондай-ақ Академия түлектері — […]