Құрметті Академия ұжымы! Сіздерді 9-мамыр – жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күн – тарих төрінен орын алатын ұлы мереке. Кешегі бабалардың ерліктері арқасында біз бүгін бейбіт өмір, бақытты тұрмыс кешудеміз. Баршаңызға бақыт пен қуаныш, денсаулық тілеймін! “Bolashaq” академиясының ректоры, профессор Меңлібаев Қ.Н.
Yearly Archives: 2021
Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр-әрқайсымыздың өміріміздегі басты, қасиетті күн. Бұл біздің халқымыздың қасық қанын аямай өз Отанын қорғап, Еуропаны фашизмнен азат еткен нағыз даңқты батырлары ерлігінің зор қуанышы мен мақтанышы күні. Біз олардың батылдығы, парызға адалдығы және өз Отанына деген махаббаты туралы естеліктерді жүрегімізде мәңгі сақтаймыз. 75 […]
Құрметті Академия ұжымы! Қадірлі ер-азаматтарымыз! Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілеймін! “Bolashaq” […]
“Bolashaq” академиясы біздің жігіттерді, ер адамдарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтайды! Қазақстандағы Отан қорғаушылар күні-батыл, тәкаппар және тәуелсіз ерлердің мерекесі. Мақсатшыл, ұстанымды және сүйіспеншіл болуды тілейміз. Сіздің өзіңізге деген сенімділігіңіз бен батылдықтарыңыз өмір жолында кездесетін кез-келген қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Кез келген бастамада тамаша жеңістерге жетуді тілейміз!
Достық үйінде Қарағанды облысы ҚХА-ның Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті, оған “Bolashaq” академиясының стратегиялық даму жөніндегі проректоры Рысмағамбетова Гульнара Мусиевна қатысты. Қоғамдық келісім кеңесі өз алдына көптеген жылдар бойы азаматтық қоғамды қолдау мен нығайту, қайырымдылықты, медиацияны дамыту, халықпен жұмыс істеу және басқа да мәселелерді шешу жөніндегі міндеттерді қойып келеді. Бұл […]
Қарағанды қаласының Көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледж түлектерімен өткен кәсіптік бағдар беру жұмысы 2021 жылдың 6 мамырында ZOOM тұғырнамасында “Bolashaq” академиясы ЖМ кафедраларының оқытушылар құрамы кәсіби бағдар беру мақсатында Қарағанды қаласының Көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледж түлектерімен онлайн-кездесу өткізді. Кездесуге колледж түлектері мен ұстаздары және ата-аналары қатысты. Шараның ұйымдастырушысы және жүргізушісі Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Б.А.Абылбаева болды. […]
“Bolashaq” академиясы ректорының атына әріптестерінен келе жатқан Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнімен құттықтаулар келуде! IQAA президенті профессор Қаланова Шолпан “Bolashaq” академиясының ректоры профессор Қ.Н.Меңлібаев тұлғасындағы бүкіл ұжымын келе жатқан мерекелерімен құттықтайды.
“Bolashaq” академиясының “Руханият” ҒЗО Қарағанды қаласының посткроссерлерімен (әлемнің түкпір-түкпірінен ашықхаттар алу мүмкіндігі үшін құрылған Postcrossing жобасының қатысушылары) және Қарағанды әскери-тарихи “Соғыс тарихы” клубымен бірлесіп Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына арналған естелік ашықхат дайындады. Қарағанды қаласының “Соғыс тарихы” Әскери-тарихи қайта құру клубы 5 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Клуб […]
2021 жылдың 28 сәуірінде Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту кафедрасының аға оқытушылары Голомазова Е.А., Таликова Г.Т. Қарағанды қаласының “Ақжарқын” және “Одарешка” мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтерімен “Заманауи балабақша жағдайында кәсіби күйіп қалудың алдын алу” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Онлайн кездесуде мынадай өзекті мәселелер талқыланды: педагогтердің кәсіби күйіп кетуі; “жану” синдромының пайда […]
Бұл күн 1992 жылғы 7 мамырда Қазақстан Президенті (Жоғарғы Бас қолбасшы да болып табылатын) Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлттық қарулы күштерді құру туралы жарлыққа қол қоюымен байланысты. Бұл күні кезекті әскери атақтарды беру және көзге түскен әскери қызметшілерге наградаларды тапсыру дәстүрге айналды. 2012 жылғы 4 қазанда Қазақстан Республикасының Парламенті “Қазақстан Республикасындағы мерекелер […]
“Bolashaq” академиясының кітапханасы оқырмандарды өз қорының жаңалықтарымен таныстыруды жалғастыруда. Оқырмандарға Ә.С. Оспановтың “Наркескен” трилогиясын ұсынамыз. Автор этнограф-тарихшы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, тарихи романдардың авторы. Кітапхана оқырмандарды Абай көшесі, 17 үй мекен-жайына шақырады. 63.3(5 Қаз)О – 78 Оспанов Ә.С.Наркескен: тарихи көркем трилогия/- Әбдісаттар Оспанов.-Алматы: Жания-Полиграф, 2014. – 342 б. + 5 […]
Құрметті достар! Сіздердің назарларыңызға “ЛиМоНаД” студенттік газетінің кезекті нөмірін ұсынамыз. 2021 жылғы сәуір айы әлемнің тұңғыш ғарышкері Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуының 60 жылдығы және Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ұшуының 30 жылдығы сияқты оқиғалармен айтулы.“Bolashaq” академиясының студенттері газет оқырмандары үшін осы тақырыпта қызықты танымдық ақпарат дайындады. 12 сәуірде Қазақстан […]
“Археологиялық зерттеулер “ЖШС “Интерньюс”, USAID, академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ-мен бірлесе отырып 2021 жылғы 3 мамырдан бастап “Цифрлық этикет: Интернетте бір-бірін қалай құрметтеу керек” жобасын іске асыруда. Ұйымдастырушылар жастардың назарын цифрлық этикет мәселелеріне аударуды, Soft Skills деңгейін арттыру және қатысушылардың шығармашылық әлеуетін жандандыруды шығармашылық қабілеттері мен кәсіби дағдыларын дамытуды басты […]
2021 жылдың 2 мамырында Грэпплинг Ги күресінен Қазақстан чемпионаты өтті, онда “Bolashaq” академиясының Ин-19-2 тобының студенті Кусаинова Жанель 1 орынға ие болды. Академия Жанельдің спорттық жетістіктерін мұқият қадағалап, оның жеңістерімен мақтанады! Оқыңыз: https://www.instagram.com/p/COY3vWuMZa4/
2021 жылғы 30 сәуірде Өзбекстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Орталық Азия халықаралық институтымен (ОАХИ), Өзбекстан Республикасының Ғылым Академиясымен бірлесіп “Жеңіс паркі” мемориалдық кешенінде “Орталық Азия халықтарының тарихы мен жадындағы Екінші дүниежүзілік соғыс: оқиғалар, қатысушылар, рәміздер”ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. Конференция спикері ретінде “Bolashaq” академиясының “Руханият” ҒЗО – ның директоры А.У. Аупенова баяндама жасады. […]