Ғылыми-педагогикалық  практика басталады

2023 жылдың 10 сәуірінен Қарағанды «Bolashaq» академиясының  қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы 7В01701-«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранттары үшін  мемлекеттік білім беру стандартына сəйкес ғылыми-педагогикалық  практика басталады.

Магистранттардың шығармашылық ізденістерін жетілдірудің жəне олардың теориялық жəне практикалық деңгейін жетілдірудің маңызды факторы педагогикалық практика болып табылады. Білім алушылардың бұл тобына педагогикалық практиканың негізгі міндеттері түсіндіру мақсатында бекітпе конференциясы өтті. Магистратурадағы педагогикалық практиканың мақсаты – жоғары оқу орнындағы кəсіби жəне педагогикалық іс-əрекетке дайындық, жоғары оқу орны оқытушысының əлеуметтік жəне кəсіби құзіреттілігін қалыптастыру болып табылады.

Практиканың ерекшелігі – бұл магистранттың қызметін ұйымдастырушылық, əдістемелік жəне ғылыми аспектілерді, сонымен қатар педагогикалық психологиялық компоненттерді іске асыруды көздейді, олардың əрқайсысы есеп беру құжаттарының мазмұнында көрініс табуы керек.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.