Встреча с выпускниками кафедры Казахского языка и литературы

28 января 2021 года в конференц зале Академии “Bolashaq” прошла встреча с выпускниками кафедры Казахского языка и литературы и профессорско-преподавательским составом.

Встречу возглавил ректор Академии профессор Менлибаев К.Н.

Наши выпускники осуществляют свою профессиональную деятельность в разных сферах, в том числе образовании. В числе наших выпускников присутствовали и директора общеобразовательных учреждений, была обсуждена совместная профессиональная ориентированная работа с учащимися школ.

Қарағанды индустриялық университеті жанындағы Техника-экономикалық колледжінің директоры, аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистірі С.Б.Хамитов:

Мен 2012-2014 жылдары «Bolashaq» Академиясының магистратура бөлімінде оқып «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламаcы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алған болатынмын.

2021 жылдың 28 қаңтарында «Bolashaq» Академиясының ректоры, философия ғылымдарының кандидаты, профессоры Құралбай Несіпбекұлы Менлібаев түлектерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында көптеген мәселелер көтерілді, соның ішінде «Bolashaq» Академиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасына мектеп бітірушілер үшін кәсіби бағдар жұмысын жолға қою, пән бойынша олимпиада жеңімпаздарына оқу орны басшысының гранты санын көбейту және келім-шарт негізінде оқуға қабылданатын түлектерге жеңілдіктер қарастыру оқу орнының Ғылыми кеңесінде шешімін табуға ұсыныс берілді. Мектеп ұстаздарын Академия магистратурасына түсуге, магистрлерді шетелдік ЖОО-нда білімдерін жалғастыруға мүмкіндік жасалғаны туралы мәлімдеді.

Қазіргі Қарағанды индустриялық университеті жанындағы Техника-экономикалық колледжінің басшысы ретінде «Bolashaq» Академиясында білім алып жүрген студенттерге педагогикалық тәжірибеден өтуге және түлектерін жұмысқа қабылдауға ықпал етемін. ЖОО мекеме басшыларының, ұжымының ауыз бірлігінің арқасында академияда оң психологиялық аура қалыптасқандықтан, оқу орнының беретін білім сапасы жоғары, оған дәлел – «Bolashaq» Академиясының түлектері еліміздің көптеген оқу орындарында басшылық қызмет атқаруда.

Колледж бен ЖОО арасындағы байланыс үзілмейтініне сенімдімін.

Өз атымнан «Bolashaq» Академиясының әкімшілігіне осы кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғысымды білдіремін.

Қарағанды индустриялық университеті жанындағы Техника-экономикалық колледжінің директоры, аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистірі С.Б.Хамитов

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.