“Қарашада өмір тұр” поэзия кеші

Поэзия – сөз өнері. Әдебиеттегі көркемдік шеберліктің теңдесі жоқ озық үлгісі. Оның үстіне поэзияның аса маңызды әлеуметтік, қоғамдық құбылыстарды бейнелеп көрсете алатын зор мүмкіншілігі бар. Ол – айналамыздағы дүниені, өмірді танып – білудің  күшті құралы, біздің қоғамдық ой – санамыздың, көркемдік, эстетикалық Сезіміміздің үлкен өнімді саласы. Сондықтан поэзиядағы сөз суреттелігі, бейнелілігі өмір шындығынан нәр алып соған тікелей жалғас туады. Сөз қолдану шеберлігі, көркемдік шеберлік дегеніміз – өмір құбылыстарын танып-білу, ұғып-түсіну. Қабілетімен көркем ой-сезім қуаттылығымен терең тамырласып, қабысып жатады.

Жаңа Майқұдық Мәденит үйінде “Қарашада өмір тұр” атты Қарағандылық ақындардың ұйымдастыруымен поэзия кеші әрі марапаттау рәсімі өтті. «Bolashaq» академиясының “Ғұмырдария” поэзия клуб мүшелері осы кештің басы қасында болып, тамашалады. Ақындарымыздың жанды тебірентер поэзиялары мен өнегелі сөздері кез келген студентті тебірентері анық.
Кеште Жанат Жаңқашұлы, Жәлел Қуандықұлы, Эльмира Сайлау, Ерік Нарын сынды ақындарымыз өлеңдерін паш етті. Жалынды жыр төккен ақындарымызға мың алғыс білдіреміз!

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.