«Bolashaq» Академиясы аймағымыздың үздік жоғары оқу орындарының бірі ретінде BALQASH ÓŃIRI газетінде жарияланды.

Академия білім мен ғылым саласында 30 жылдан бері бәсекеге қабілетті білікті мамандар дайындап келеді.
Академияда білім беру сапасын арттыруға бағытталған барлық негізгі талаптар толық қамтамасыз етілген. Оқу бағдарламалары халықаралық аккредитациядан өтіп, әлемдік стандарттарға сәйкестігі ресми түрде танылған. Оқытушылар құрамын тәжірибелі кәсіби мамандар, ғылым докторлары мен кандидаттары, философия докторлары және магистрлар құрайды.
Студенттердің жан-жақты дамуына қажетті инфрақұрылым толық қарастырылған: заманауи мультимедиалық кабинеттер мен зертханалар, қолжетімді «COWORKING» орталығы, кітапхананың кең қоры, студенттер үйі, спорт нысандары, тамақтану орындары және түрлі шығармашылық үйірмелер тұрақты жұмыс істейді. Сонымен қатар, ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық, дуальді оқыту жүйесі сияқты мүмкіндіктер студенттердің кәсіби дайындығын одан әрі күшейтеді.