25 желтоқсан күні «Bolashaq» академиясының жатақханасында студенттермен кездесу өтті.

Кездесу аясында Академия дәрігері Куур С.Г. және Студенттік Республика Президенті Кадрин Т.Б. жатақханадағы студенттердің тұрмыс жағдайына шағын мониторинг жүргізді.
Сонымен қатар, кездесуге №1 студенттік емхананың психотерапевті — Маханова Акмарал Маратовна шақырылып, ««Ерте жыныстық өмірдің психологиялық аспектілері және суицидтің алдын алу»» тақырыбында мазмұнды дәріс оқыды.


Кездесу ашық диалог форматында өтті, онда студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, кәсіби кеңестер алды.
Мұндай шаралар студенттердің психологиялық денсаулығын нығайтып, өзара түсіністік пен қолдау ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.