Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

Көрші облыстарда сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты Covid-19 КВИ бойынша жағдайдың күрделенуіне жол бермеу үшін Қарағанды өңірінде 19 қазанның түн ортасынан бастап өңір аумағында карантиндік шектеулер енгізілді. Олар кеңес беру сипатында болып табылады, бірақ, егер халық сақтану шараларын сақтамаса, биліктің қадағалауы бойынша күшейтіледі.

Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Юрий Залыгин өңірде карантинді ұзарту және күшейту туралы Қаулыға қол қойды. Бетперде режимін, санитарлық-дезинфекциялық талаптардың сақталуын бақылау күшейтілді.

Саябақтарға, алаңдар мен шағын саябақтарға, бір отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан аспайтын топтарға баруға рұқсат етіледі, ,бір отбасы мүшелерін қоспағанда, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, үш адамнан астам топқа адамдардың жиналуына тыйым салынады, 65 жастан асқан адамдарға қозғалысты шектеу ұсынылады.

Бұдан басқа: жерлеу іс-шараларын өткізу кезінде 10-нан астам адамның жиналуына жол берілмейді, бұқаралық іс-шараларды (мерекелік, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды, конференцияларды, семинарларды, көрмелерді, форумдарды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) өткізуге тыйым салынады.

Құрметті студенттер мен әріптестер!

Covid-19 короновирустық инфекциясымен ауырғандар санының өсуі бойынша статистика көптеген азаматтардың бұл мәселеге жауапсыздығын көрсетеді.
­
Достар, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.