Тақырып: Психология бағытындағы тұлға тұтастығыБүгінгі басқосуымыз тұлғаның ішкі үйлесімі, шынайылығы және құндылыққа негізделген дамуы төңірегінде өрбіді. Қазақ зиялыларының шығармалары мен өмірлік ұстанымдары арқылы тұлға тұтастығының терең табиғатын талқыладық.


Сағатова Гүлзат: Жүсіпбек Аймауытұлы – тұлға тұтастығының жарқын мысалы.
Аймауытұлының шығармашылық жолы мен азаматтық позициясы арқылы тұтас тұлғаның қандай құндылықтарға сүйенетінін көрсетті.
Сыдых Ақбота: Абай Құнанбайұлы – тұлғаның тұтастығының классикалық үлгісі.
Абайдың даналығы, өзін-өзі танып, үнемі жетілуге ұмтылған жолы тұлға тұтастығының биік көрінісі ретінде талданды.


Қуандықова Балауса: “Қартқожа” романындағы тұтас тұлға концепциясы».
Қартқожаның қалыптасу кезеңі, рухани биіктеуі мен өзін табу жолы тұлғаның тұтастығын әдеби кейіпкер арқылы ашып берді.
Сайлау Мөлдір:
“Күнікейдің жазығы” романы арқылы тұлға тұтастығын зерттеу.
Романдағы кейіпкердің ішкі қайшылығы, қоғаммен күресі және шынайылыққа ұмтылысы тұтастық ұғымына жаңа қырдан қарауға мүмкіндік берді.


Бүгінгі отырыс әр қатысушыға өзіне үңілуге, тұлғаның тұтастығын әдебиет пен психологияның тоғысынан тереңірек түсінуге жол ашты.
Өз-өзіңді тану — тұтастыққа бастайтын ең алғашқы қадам.