Жоғары мансап мектебі

2025 жылғы 16 сәуірде «Bolashaq» Академиясының өкілдері, педагогика кафедрасының оқытушылары С.С. Шутенова және А. М. Тәжинин, Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының оқытушылары А.Ы. Алжанова, М. К. Әбдірешева Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің «4S01140101 Бастауыш білім беру мұғалімі», «4S01120102 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының тәрбиешісі» және «4S01140605 Шет тілі мұғалімі» білім беру бағдарламаларының студенттерімен кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы барысында студенттерге академиямыз туралы бейнеролик көрсетілді, оқытушылар «Bolashaq» Академиясының артықшылықтары, білім беру бағдарламалары, оқу ақысы бойынша жеңілдіктер, оқу кестесі және т.б. туралы айтып берді. Студенттерге академиямыз туралы ақпаратты буклеттер таратылды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.