ЖББ кафедрасында мерейтой!

10 ақпанда философия ғылымдарының докторы, ЖББ кафедрасының профессоры Бектұрғанова Бақытжамал Иркенқызы өзінің 70 жылдығын атап өтті.

Оның еңбек жолы 1978 жылы Алматы халық шаруашылығы институтының философия оқытушысы қызметінен басталды.ММУ аспирантурасын бітіргеннен кейін Бақытжамал Иркенқызы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының философия кафедрасының доценті, ҚазМАУ жанындағы Экономикалық әлеуметтану орталығының директоры, ҚР ҰҒА Әлеуметтану және саясаттану институтының директоры, “Саяси шешімдер институты” ЖМ құрылтайшысы және бас директоры, Халықаралық бизнес университетіндегі проф. Сағадиевтің кеңесшісі болды. 1994 жылдан ф.ғ.д. Б.И. Бектұрғанова Қазақстанның саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар қауымдастығының басқарма төрағасы болып табылады.

2019 жылдан бастап Бақытжамал Иркенқызы “Bolashaq” Академиясында жұмыс істейді, ол алдымен “Руханият” ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері болып қызмет етті, ал қазіргі уақытта ол әлеуметтанушы және жалпы білім беру пәндері кафедрасының профессоры.

Бақытжамал Иркенқызы-ғылым докторы, 300-ден астам ғылыми жобалардың жетекшісі және әзірлеушісі, көптеген ғылыми мақалалар мен монографиялардың авторы. Ол білгір маман, әдемі және дана әйел, қамқор ана мен әже, және өмірде өте қарапайым адам.

Құрметті Бақытжамал Иркенқызы!

Сізді 70 жылдығыңызбен — даналық жасыңызбен, үлкен құрмет және сыйлы жасыңызбен құттықтаймыз! Сіз жаңа жасыңызды біздің ұжымда, “Bolashaq” Академиясының қабырғасында қарсы алғаныңызға қуаныштымыз! Сізге мықты денсаулық, мол байлық, бақыт-береке тілейміз. Өмірге деген сүйіспеншілігіңіз бен жақсылыққа деген сеніміз ешқашан ортаймасын. Сізге ұзақ ғұмыр, өмірдің барлық игіліктерін және отбасы жылулығы мен жайлылығын тілейміз. Тағдыр сізді қиындықтар мен ауыртпалықтан қорғасын, ал жақсылық пен бақыт Сізбен үнемі бірге болсын.

Туған күніңізбен!

Үлкен құрметпен және ізгі тілектермен,

“Bolashaq” Академиясының ұжымы.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.