30.05.2023 ж. Қарағандыда Достық үйінде “Жасыл ел” МТО жобасын іске асыру бойынша ашылу салтанаты өтті, оның мақсаты мектеп, студент және жұмыссыз жастарды маусымдық жұмысқа орналастыру , жастардың Отанға деген патриотизмін және туған өлкенің байлығына ұқыпты қарауын қалыптастыру болып табылады.

Аталған іс-шараға ФМ-20-1, ФМ-20-2 фармацевтикалық пәндер кафедрасының студенттері қатысты. Мерекелік концерт қойылды, барлық ұйымдастырылған шаралар жоғары деңгейде өтті, іс-шара соңында оқушылар мен студенттер өз ризашылықтарын білдірді.

