Жасанды интеллектті академиялық қызметте пайдалану бойынша семинар

Бүгін “Bolashaq” Академиясында білім беру және ғылыми процестерде жасанды интеллектті (ЖИ) пайдалану принциптері мен ережелеріне байланысты профессорлық-оқытушылық құрамға арналған семинар өтті. Іс-шара барысында этикалық аспектілер, құралдарды практикалық қолдану, сондай-ақ оларды академиялық ортада жауапкершілікпен пайдалану бойынша ұсыныстар талқыланды.

Семинар спикерлері ретінде сөз сөйледі:

Педагогика ғылымдарының кандидаты, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Дана Саламатқызы Асакаева білім беру ортасындағы мүмкіндіктер туралы айтып, ISSAI қазақстандық платформасымен таныстырды. Сонымен қатар, ол ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыруға, оқу материалдарын дайындауға және бірқатар академиялық тапсырмаларды автоматтандыруға қабілетті ChatGPT және Gamma заманауи құралдарының практикалық қолданылуын көрсетті.

Шащанова Майра Балиқызы-техника ғылымдарының кандидаты, академиялық адалдық лигасының жұмыс тобы әзірлеген академиялық қызметте жасанды интеллектті пайдалану жөніндегі нұсқаулықты ұсынды. Этикалық қолдану және оның академиялық адалдыққа әсері, сондай-ақ оқытушылар мен студенттерге арналған практикалық ұсыныстар мәселелеріне ерекше назар аударылды.

ҚБТ және IT қолдау орталығының басшысы Сағыныш Оразханұлы Смағұлов АІ Studios платформасы туралы айтып, деректерді автоматтандырылған талдау, мультимедиялық материалдар жасау және білім беру процесін қолдау үшін заманауи ЖИ-құралдарын қалай қолдануға болатынын көрсетті.

Қатысушылар AI құралдарымен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын алды және оларды оқу процесімен біріктіру перспективаларын талқылады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.