Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына арналған кураторлық сағат

2024 жылғы 29 қарашада педагогика кафедрасының эдвайзерлері С. С. Шутенова мен А.М. Тәжинин “Педагогика және Психология”, “Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі”, “Педагогикалық коучинг және психология” білім беру бағдарламаларының орыс бөлімшесі студенттерімен Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына арналған ашық кураторлық сағат өткізді.

Кураторлық сағат барысында студенттермен қоғам қайраткері, жазушы, әдебиет теоретигі, ғалым, ағартушы, “Алаш”партиясының мүшесі Жүсіпбек Аймауытов мұрасының маңызы туралы әңгіме жүргізілді. Оның қосқан үлесі мен еңбегі, яғни: ағарту, қазақ тілін реформалау, қазақ драмасын дамыту, психологияға қосқан үлесі қарастырылды.

Сондай-ақ, Педагогика және психология ББ 3 курс студенттері Жүсіпбек Аймауытов туралы тарихи дәуірдің маңызды символы ретінде бейнеролик көрсетті.

Жүсіпбек Аймауытов қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихындағы басты тұлғалардың бірі болып қала беретіндігі хақ.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.