2025 жылдың 28 қарашасында фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушылары Темиреева Н.Б. мен Темиреева К.С. Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі жоспар аясында, сондай-ақ жұмыс берушілерді оқу процесіне тарту және түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында мотивациялық кездесу өткізді.

Іс-шараға «Bolashaq» Академиясының «Фармация» мамандығының 2009 жылғы түлегі, «ТОКА-21» ЖШС өндірістік дәріханасының меңгерушісі Далабаева Индира Кабыловна қонақ-спикер ретінде шақырылды. Ол «Фармацевтикалық этика және деонтология, мінез-құлық нормалары» тақырыбында мотивациялық кездесу өткізіп, кәсіби мінез-құлық нормаларын сақтау, фармацевтикалық этика қағидалары, болашақ маманға қажетті жауапкершілік пен әдептілік, пациентпен және әріптестермен мәдени қарым-қатынас орнату, сондай-ақ кәсіби этика кодексінің маңыздылығы сияқты негізгі мәселелерді атап өтті.

Іс-шара барысында студенттер белсенді қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Фм-24-2 тобының студенттері Ермаханов Ернұрым, Абдрахманов Медеу және Сахиева Айдана жалпы этика мен фармацевтикалық этиканың негізгі айырмашылықтарына тоқталып, назарларын аударды.




«ТОКА-21» ЖШС өкілдері бірнеше жыл бойы «Фармация» білім беру бағдарламасының сарапшысы, стейкхолдері, жұмыс берушісі және кәсіби практика базасы ретінде Академиямен тұрақты ынтымақтастық орнатып келеді.
«Bolashaq» Академиясы және фармацевтикалық пәндер кафедрасы ұжымы атынан фармацевт мамандарын даярлауға қосқан үлестері, қолдаулары мен ынтымақтастығы үшін «ТОКА-21» ЖШС директоры Гүлмира Кенжебаевна Исеноваға және өндірістік дәріхана меңгерушісі Индира Кабыловна Далабаеваға шынайы алғыс білдіріледі.

Осылайша, фармацевттің кәсіби мінез-құлық нормаларын сақтауы – денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығы мен қоғамның сенімін арттырудағы маңызды фактор болып табылады. Сөз соңында фармацевтикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Тулебаев Е.А. ұйымдастыруға атсалысқан барлық қатысушыларға Академия атынан ризашылығын білдірді.
