Ғылыми зерттеуші атағы берілді

Өзбекстан мемлекеті Самарқанд мемлекеттік шет тілдер университетінде өткен халықаралық“ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУШІ” конкурсында “Bolashaq” Академиясы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Құрманғазы Зәкірұлы Сембиев жеңімпаз атанды.

Халықаралық ғылыми-практикалық сараптау конкурсында Түркология мәселесіне арналған 224 мақала ұсынылған болатын. Соның ішінде 113 сарапшы – ғалымның қолдауымен Құрманғазы Зәкірұлы Сембиев жүлделі орынға ие болды.

 «Bolashaq» Академиясының ректоры Рысмагамбетова Г.М.  Құрманғазы Зәкірұлын салтанатты түрде құттықтап, арнайы диплом мен сертификат табыстап, төс белгімен марапаттады.

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының атынан Құрманғазы Зәкірұлын ғылыми зерттеуші атағын алуымен шын жүректен  құттықтаймыз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.