2023 жылдың көктемінде «ТМД үздік студенті» халықаралық байқауы өтті. Іс-шараға «Bolashaq» Академиясының құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., профессор Қабжанов Ақылбек Тайболатұлының жетекшілігімен «Құқықтану» ББ 1 курс магистранты Қазанаева Лилия Игоревна қатысты.
Магистрант Қазанаева Лилия білім, ғылым, спорт және мәдениетке қосқан үлесі үшін II дәрежелі дипломмен және «ТМД-ның үздік студенті-2023» медалімен марапатталды. Магистранттың ғылыми жетістіктері «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы «қауымдастығы нысанында заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғылыми-білім беру мекемелері арасында «ТМД-ның үздік студенті-2023» халықаралық кітап басылымында жарияланады.



