2025 жылғы 4 сәуірде «Қаржы» білім беру бағдарламасының Ф-24-2 тобында «Құқықтық және қаржылық пәндер» кафедрасының оқытушысы Б.А. Ргебаева «Терроризммен күрес – баршаның міндеті» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.

Бүгінгі таңда қоғамдық тұрақтылық пен қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіретін терроризм мәселесі әлемнің әр түкпірінде өзекті мәселе. Терроризм – татулық пен бейбітшілікті негіз еткен мемлекетті күйретуге ықпал ететін бірден-бір жаһандық мәселе. Қазіргі таңда экстремизм мен терроризм адамзатқа төнетін шынайы қауіпке айналған.
Кураторлық сағаттың мақсаты – студенттерге терроризмнің қоғамға тигізетін зиянды әсерлері мен қауіп-қатерлері туралы ақпарат беру, терроризм мен экстремизмге қарсы заңдарды түсіндіріп, заң бұзушылықтың қауіптілігін көрсету, жастар арасында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамның тұрақтылығын сақтау мәселесіне деген жауапкершілікті арттыру, жастарды терроризммен күреске атсалысуға, қоғамды қорғау үшін белсенді әрекет етуге ынталандыру.
Кураторлық сағат барысында студенттер терроризмге қатысты өз пікірлерін ортаға салып, оның қоғамға тигізетін салдары, сондай-ақ терроризммен күресу үшін әр азаматтың жауапкершілігі туралы маңызды ойлармен бөлісті. Сондай-ақ, ақпараттық жұмыс жүргізу, құқықтық шаралар қабылдау және әлеуметтік деңгейде терроризмге қарсы ағартушылық жұмыстарын күшейту қажеттілігі талқыланды.