25 ақпан 2025жылы фармация пәндер кафедрасының эдвайзері Темиреева Назым Багдаулетовна фм 24-2 топ студенттерімен 1 наурыз алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту парызым» атты кураторлық сағатын өткізді.

Кураторлық сағатымыздың мақсаты: Студенттердің «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері:
- ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру;
- үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту;
- әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Фм 24-2 топ студенттеріне алғыс, ризашылық туралы түсінік берілді. Сөз соңында студенттер бір-бірлеріне деген , ұстаздарына, ата-аналарына, Bolashaq академиясына деген алғыстарын білдірді. Сонымен қатар рақметке кімдер лайықты? деген сұраққа өз ойларын жеткізді. Қорытындылай келе Алғыс — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс – әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым – қатынас түрінде де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым – қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқының ұғымында неғұрлым көп Алғыс алған адам бақытты болады. “Алғыспен ер көгерер” деген мәтел соған мегзейді.