Қырғыз Республикасы ОАХМУ-де «Bolashaq» Академиясының фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушысы мен студенті үшін сыртқы академиялық ұтқырлықтың алғашқы аптасы сәтті және жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтуде.


Доцент Курбанова Гозель Джумакулиевна ағымдағы аптаға жоспарланған дәрістерді өткізді, алдағы уақытта қосымша кездесулер мен сабақтар жоспарлануда. «Фармация» БББ бойынша оқитын 1-ші курс студенті Қоблан сәтті бейімделіп, студенттік өмірге белсенді қатысып, Қырғыз Республикасындағы оқу процесінің ерекшеліктерімен және мамандығымен, сондай-ақ дәріханалық ұйымдарының қызметімен танысты. Ол сондай-ақ жаңа академиялық байланыстар орнатты.
Қатысушыларға жайлы тұру және оқу жағдайлары қамтамасыз етілді. Университеттің негізін қалаушысы Ж.Т. Арынбаевпен одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылау үшін кездесу өткізілді.


Елдегі басқа университеттермен, соның ішінде Жалал-Абад медицина университетімен (ЖАМУ) серіктестіктерді одан әрі кеңейту жоспарлануда.
«Bolashaq» Академиясының басшылығы Орталық Азия халықаралық медициналық университетінің басшылығына жемісті ынтымақтастық үшін шын жүректен алғыс білдіреді.