Студенттердің Қарағанды облысы Әділет департаменті өкілдерімен кездесуі

2025 жылдың 18 сәуірінде құқықтық және қаржы пәндері кафедрасының аға оқытушысы Әсел Қасенқызы Ахметова Қарағанды облысының Әділет департаменті өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.

Кездесу барысында Ю-23-1 тобының белсенді студенттері сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау, зияткерлік меншік, тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру бөлімдерінің жұмысымен танысты.

Әкімшілік бөлімінің басшысы Сабина Қамбарқызы Қарағанды облысының Әділет департаменті Әділет органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық әділет органы болып табылатынын айтты.

Сабина Қамбарқызы студенттерді атқарушылық іс жүргізу бөлімінің қызметімен таныстырды, өйткені оның қызметі-борышкерлерден атқарушылық санкция, өсімпұл, атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды өндіріп ала отырып, атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындауға бағытталған шаралар.

Атқарушылық іс жүргізудің міндеттері Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот шешімдері, ұйғарымдары, азаматтық және әкімшілік істер бойынша ұйғарымдар мен қаулылар, қылмыстық істер бойынша үкімдер мен қаулылар, мүліктік жазалар бөлігінде, сондай-ақ өзге де органдардың қаулылары негізінде берілетін атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындауға бағытталған шараларды міндетті және уақытылы қабылдау болып табылады.

Зияткерлік меншік құқығы кез-келген басқа меншік құқығына ұқсас болатындықтан, студенттер зияткерлік меншік бөлімінде де болды. Олар авторларға немесе патенттердің, сауда белгілерінің немесе авторлық құқық туындыларының иелеріне өз туындыларынан немесе оны жасауға салынған инвестициялардан пайда алуға мүмкіндік береді. Бұл құқықтар әр адамның өзі жазған ғылыми, әдеби немесе көркем шығармалардың нәтижесі болып табылатын моральдық және материалдық мүдделерін қорғау құқығын тану жөніндегі Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 27-бабында бекітілген.

Кездесу соңында студенттер тркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру бөлімінде болды. Бөлім басшысы Әбділманова Жетти Әнуарбекқызы тіркеу қызметінің негізгі міндеттері мен функциялары, коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу, мемлекеттік тіркеу, заң көмегін ұйымдастыру және көрсету, құқықтық насихаттау, сондай-ақ жылжымалы мүлік кепілінің тізілімін тіркеу және жүргізу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеруді іске асыру туралы айтып берді.

Кездесуді аяқтай отырып, Сабина Қамбарқызы академиямыздың белсенді студенттеріне лайықты білім алуға, жоғары білікті заңгер болуға және Егемен Қазақстанның игілігі үшін, біздің қажетті және маңызды мамандығымыз бойынша Мемлекеттік қызметке кіруге тілек білдірді!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.