15 қарашада “Bolashaq” Академиясында ЖІК Студенттік өзін-өзі басқару ұйымы және Академияның барлық кафедраларының жалпы күшімен дайындалған, күздің ең жарқын оқиғаларының бірі – Студенттік бал өтті.
Осы кеште Академия нағыз сарайға айналды, онда салтанатты, жақсы әсердегі жастық атмосферасы орнады. Іс-шараны ұйымдастыру өткізілетін күнге дейін басталды. Студенттік өзін-өзі басқару белсенділері тобы оқиғаның тұжырымдамасынан бастап музыкалық сүйемелдеу мен конкурстық бағдарламаға дейінгі барлық нөмірлерді мұқият ойластырды.
Кеш бағдарламасына Студенттік өзін – өзі басқару ұйымы Президенті – Зинаида Гартманның салтанатты құттықтауы кірді, ол студенттік рухты, бірлікті және шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруды нығайту үшін осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.
Кеш кең мазмұнды бағдарламамен жалғасты:
- Шығармашылық ұжымдардың қойылымдары. Би ансамбльдері қонақтарға ең жақсы нөмірлерін берді.
- Тақырыптық конкурстар. Қатысушылар интерактивті тапсырмаларда өздерінің тапқырлығын, эрудициясын және әзіл-қалжың түріне бейімділіктерін көрсетті.
Мерекенің шарықтау шегі-кештің ерекше сәті. Ол – балдың патшасы мен патшайымын таңдау болды. Титулға үміткерлер кештің жоғары наградаларына үміткерлердің әсерлілігін, стилін, отты билерін және сүйкімділігін көрсетті. Дауыс беруден кейін көпшілік пен қазылар алқасының жүрегін жаулаған Екатерина Шитова мен Ивашин Дмитрий жеңімпаз атанды.
Екінші және үшінші орындарды: Төлеген Сырым мен Рахимова Альбина және Георгий Селиванов пен Жүсіпова Милана иеленді.
Мереке соңында барлық қонақтар достықты, бірлікті және студенттік бауырластықты бейнелейтін жалпы биге қатысты.
Балға қатысушылар мен қонақтар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығын, студенттік бал дәстүрлер мен заманауи жастар бастамаларының үйлесімінің жарқын үлгісі болғанын атап өтті. Іс-шараның көптеген көрермендері мен қонақтары : “Бұл кеш студенттер өмірінің ең сиқырлы сәттерінің бірі ретінде есте қалады!”-, деп, өз пікірлерімен, эмоцияларымен бөлісті.
“Bolashaq” Академиясындағы Студенттік бал қатысушыларға жағымды эмоциялар сыйлап қана қоймай, жаңа жетістіктерге шабыт берді. Мереке дәстүрлерді сақтау және жастардың шығармашылық әлеуетін ашу және студенттік бауырластық пен бірлікті дамыту үшін кеңістік құру қаншалықты маңызды екенін көрсетті!