2025 жылғы 8 мамырда кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Жамбыл облысының 11 сынып оқушыларымен онлайн кездесу өтті. Кездесу Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Жуматаева Меруерт Муратовна мен Академияның қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Асель Бейсенғазықызының ұйымдастыруымен өтті.
1500ге жуық қатысқан оқушыға мамандықтар туралы кең көлемді ақпарат ұсынылды.

Академияның Ғылым және білім саласындағы жетістіктері туралы, жетекші жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыратыны, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері бойынша, халықаралық конференцияларға, конкурстарға, оқу ақысын төлеудің жеңілдіктер туралы толық ақпарат берілді.

Профориентациялық жұмыстың нәтижесінде оқушылар өздерінің болашақ кәсіби жолдарын анықтауға бір қадам жақындады. Іс-шараға қатысушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтыратын мамандықтар туралы нақты ақпарат алды. Осындай жұмыстар оқушылардың саналы таңдау жасауына зор ықпал етеді деп сенеміз.

Жуматаева Мерует Муратовнаға алғыс білдіреміз. Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы оқу-әдістемелік орталығы мен Академия арасындағы ынтымақтастықты арттыра отырып, бәсекеге қабілетті әрі жоғары білікті мамандар даярлауда бірлесіп жұмыстар атқаруға шақырамыз.