“Жүректен шыққан жырлар”

2025 жылғы 14 сәуірде «Педагогика» кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен  ПМНО-24-2, ПМНО-23-2, ПМНО-22-2 және ПИП-24-2 тобы студенттері арасында “Жүректен шыққан жырлар” атты поэзиялық дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру, поэзия арқылы патриоттық және адамгершілік сезімдерге баулу, сөз сөйлеу мәдениеті мен ой еркіндігін дамыту.

Шара барысында қатысушылар екі топқа бөлініп, бірі “Ана”, екіншісі “Отан” тақырыптарында өздері жазған өлең шумақтарын ұсынып, бір-бірімен сұрақ-жауап алмасып, шығармашылық көзқарастарымен бөлісті. Студенттер өлеңдерінің идеясын, тәрбиелік мәнін, тақырыптық мазмұнын, көркемдік ерекшеліктерін ашып көрсетті.

Дөңгелек үстел тек өлең оқу ғана емес, сондай-ақ поэзия арқылы терең ой қозғап, рухани байытқан кешке айналды. Әр қатысушы шығармашылық кештен алған әсерлерін арнайы жасалған гүлдің жапырақтарына жазып орналастыру арқылы ерекше әсер қалдырды.

Аға оқытушылар А.Б.Қосманова, С.К.Мекадилова дөңгелек столдың соңында қорытынды сөз сөйлеп, студенттерге шығармалылық табыс тіледі.  Белсенділік танытқандары үшін ПМНО-24-2, ПМНО-23-2 және ПИП-24-2 топтарының студенттерін Алғыс хаттармен марапаттады. Іс-шара студенттердің өнерге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабыт берді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.