Волейболдан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы чемпионатының ашылуы.

10 ақпанда Қарағанды қаласының “Шахтер” стадионының “Жастар” жеңіл атлетика кешенінде волейболдан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы чемпионатының ойындарының салтанатты ашылуы өтті.

Спорт мерекесінің басында жарысқа қатысушыларға Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев құттықтау сөз сөйлеп, команда қатысушыларына алдағы ойындарда сәттілік пен жарқын жеңістер тіледі. Сондай-ақ, ашылу салтанатына “Bolashaq” Академиясынан 30 шақты белсенді студенттер мен спортшылар қонақ ретінде қатысты.

Атап айтқанда, жарыстың бірінші күні турнирге Ұлттық гвардияның 7 командасы қатысып, жоғары шеберлік деңгейін, тамаша спорттық дайындықты және командалық рухты көрсетті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.