«Bolashaq» академиясының «Құқықтық және қаржылық пәндер» кафедрасының доценті К.К.Садыкова Башқұртстан Республикасы Уфа қаласында, өткен «Қазіргі әлемдегі ғылымның инновациялық әлеуеті: жетістіктер және инновациялар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.
Конференция ғылымның инновациялық әлеуетін арттыру мақсатында жаңа тәсілдер, идеялар және шешімдерді анықтауға бағытталды. Осы іс-шараға қатысу ғылымның негізгі салаларына — техникадан гуманитарлық пәндерге дейін — жаңа идеялар мен әзірлемелерді енгізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол әртүрлі ғылыми салалардағы, оның ішінде теориялық зерттеулер мен практикалық инновациялардың соңғы жетістіктерін көрсетуге және тәжірибе алмасуға ықпал етеді.

Доцент К.К.Садыкова «Қазақстан Республикасындағы жеке еңбек дауларын шешу: мәселелер мен перспективалар» тақырыбында баяндама жасады. К.К.Садыкованың ғылыми еңбегі ғалымдардың қызығушылығын тудырып, «Ең үздік ғылыми жұмыс» номинациясында II дәрежелі дипломмен және «Инновациялық идеялар мен зерттеулер» номинациясында I дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, «Ғылым қаңтары» ғылыми-редакциялық орталығының бас редакторы, к.ф.-м.н. Халиков А.Р. атынан алғыс хат берілді.


Доцент К.К.Садыкова ХҒПК-ға жемісті қатысуы оның ғылыми еңбегінің сапасы мен жетістіктерін мойындаумен шектелмей, өз зерттеулерінің нәтижелерін ғылыми қауымға ұсынуға, конструктивті сын-пікір алмасуға және шетелдегі басқа жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелердің әріптестерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде ғылыми идеяларды жетілдіру мен жоғары деңгейдегі ғылыми көзқарасты қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Осылайша, Башқұртстандағы ХҒПК-ға қатысу тек жеке және кәсіби өсу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар ғылым мен инновациялық технологиялардың дамуына үлес қосу және ғылыми мекемелер мен өнеркәсіп арасындағы байланыстарды нығайту болып табылады.
К.К.Садыкованы ғылыми конференцияға қатысып, оң мәселелерді талқылағаны үшін алғыс білдіреміз!