«ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҚ» АҚПАРАТТЫҚ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2025 жылдың 17 қыркүйегінде «Bolashaq» Академиясында студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз болашақ» атты маңызды ақпараттық-профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.

Кездесуге ішкі істер органдарының өкілдері, құқық қорғау саласының мамандары, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері, сондай-ақ Академияның тәрбие жұмысы жөніндегі қызметкерлері қатысты. Шара барысында студенттерге Қазақстан Республикасының заңнамалары, әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік, қоғамдық тәртіпті сақтау ережелері жайлы кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер – киберқылмыс, нашақорлық, буллинг, зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыптары да қарастырылып, нақты мысалдар келтірілді. Мамандар студенттердің көкейіндегі сұрақтарына жауап беріп, құқықтық мәдениетті нығайту мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Бұл бастама жастардың құқықтық білімін тереңдетіп қана қоймай, олардың бойында заңға құрмет, жауапкершілік сезімі және әлеуметтік белсенділік қалыптастыруға бағытталды. «Қауіпсіз болашақ» жобасы аясында өткізілген шара Академия студенттері үшін тәрбие мен танымдық тұрғыдан зор маңызға ие болды.

Алдағы уақытта да мұндай кездесулер тұрақты түрде өткізіліп, студенттердің құқықтық мәдениетін дамытуға, құқық бұзушылықтың алдын алуға ықпал етпек.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.