Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Абайдың қара сөздерінің тәрбиелік мәні» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағаттың мақсаты – ұлы ойшыл Абайдың қара сөздері арқылы білім алушылардың адамгершілік қасиеттерін, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, ұлттық сана-сезімін арттыру.

Кураторлық сағат барысында Абайдың қара сөздеріндегі еңбек, білім, тәрбие, имандылық, адалдық, талап пен жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды. Білім алушылар Абайдың қара сөздерінің бүгінгі қоғамдағы маңызы туралы өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасуға қатысты.

Іс-шара барысында Сагатова Гулзат «Абайдың қара сөздерінің тәрбиелік мәні» тақырыбында баяндама жасап, қара сөздердегі терең философиялық ойлар мен олардың жастар тәрбиесіндегі рөлін атап өтті. Сонымен қатар, Абайдың нақыл сөздері оқылып, олардың өмірмен байланысы түсіндірілді

.Кураторлық сағат білім алушылардың рухани дүниесін байытып, Абай мұрасын тереңірек тануға, ұлы ақынның еңбектерін құрметтеуге бағытталды.