Ағылшын тіліндегі «Speak your mind» облыстық эссе байқауының қорытындысы шығарылды, байқау өз ойларын батыл білдіруге және өзекті тақырыптар бойынша жан-жақты ой-толғамдарын ортаға сала алатын 11-сыныптардың талантты түлектерінің басын біріктірді
2025 жылдың 16 қаңтарынан бастап «Bolashaq» ЖМ Академиясының «Шетел тілдері және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасы Қарағанды облысының білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырған байқау өңірдегі 50-ден астам мектептер, гимназиялар мен лицейлердің 130 қатысушысы үшін зияткерлік алаңға айналды.
Іс-шараның негізгі мақсаты шетел тілдерін үйренуді насихаттау ғана емес, сонымен қатар студенттердің академиялық жазу дағдыларын, сыни ойлау қабілетін және өз көзқарасын дәлелді түрде қорғай білу қабілетін дамыту болды.
Байқау тақырыптары ауқымды мәселелерді қозғады:
– Social Media and Their impact on Society (Әлеуметтік желілер және олардың қоғамға әсері);
– Trends and Tendencies in Education of the 21st Century (ХХІ ғасырдың білім беру үрдістері мен трендтері);
– Glimpse into the Future: the world in 50 Years (Болашаққа көзқарас: 50 жылдан кейінгі әлем).
Қатысушылардың жұмыстары идеялардың өзіндік ерекшелігімен, талдаудың тереңдігімен және авторлық стильдің мәнерлілігімен ерекшеленді. ЖОО оқытушылары мен Қарағанды қаласының ағылшын тілі мұғалімдерінен құралған қазылар алқасы эссені аргументалдылық, логикалық құрылым, тілдік сауаттылық және креативтілік критерийлері бойынша бағалады.
Байқау жеңімпаздары:
1 орын (100% оқуға жеңілдік):
- Төлеген Данара
«№27 ЖББМ» КММ, Қарағанды қ.
Жетекші – Буякова Юлия Владимировна
2 орын (50% оқуға жеңілдік):
- Сатпекова Сагыныш
«Әлихан Бөкейхан атындағы ЖББМ» КММ, Қарағанды қ.
Жетекші – Нуртаева Манара Богенбаевна
- Пономарева Екатерина
«Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ, Шахтинск қ.
Жетекші – Савельева Юлия Борисовна
3 орын (25% оқуға жеңілдік):
- Терновский Алексей
«Кәрім Мыңбаев атындағы ЖББМ» КММ, Қарағанды обл., Нұра ауданы, Кәрім Мыңбаев ауылы
Жетекші – Балан Наталья Анатольевна
- Тулен Айша
«Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясы» КММ, Абай қ.
Жетекші – Исаева Камшат Нагашыбаевна
- Маманова Аида
«№4 ЖББМ», Теміртау қ.
Жетекші – Жабагина Махаббат Толеубековна
Негізгі жүлделі орындардан басқа, көрнекті эссе жұмыстарына арнайы номинациялар берілді:
The most futuristic essay
Алимханов Айтуар
КГУ «Шәкәрім атындағы гимназиясы» КММ, Қарағанды қ.
Жетекші – Шайхутдинов Радик Гафурович
The most balanced and forward-thinking
Асадолла Альбина
«№85 ЖББМ» КММ, Қарағанды қ.
Жетекші – Женисова Аружан Ерканаткызы
The most socially significant essay
Кошев Илья
«Қасым Аманжолов атындағы ЖББМ» КММ, Қарағанды обл., Абай ауд., Дубовка ауылы
Жетекші – Абылбаева Асем Зарухановна
The most expressive author’s perspective essay
Карле Мария
«№32 ЖББМ» КММ, Қарағанды қ.
Жетекші – Дробот Александра Владимировна
The most vividly descriptive essay
Муратбек Айгуль
«Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ, Қарағанды обл., Осакаров ауд.
Жетекші – Муратбек Нургуль
Жүлдегерлер мен жеңімпаздар «Bolashaq» Академиясының кез келген білім беру бағдарламасы бойынша ие болған орынға байланысты оқудың бірінші жылына жеңілдіктер алады.
Барлық қатысушыларды конкурсқа сәтті қатысуымен құттықтаймыз! Сіздіңдердің эсселеріңіз ағылшын тілін білуді ғана емес, сонымен қатар қазіргі әлемнің өзекті мәселелерін терең түсінетіндіктеріңізді көрсетті. Бұл байқау сіздердің академиялық және кәсіби жетістіктеріңізге тағы бір қадам болсын!
«Bolashaq» Академиясының ресми сайтынан жаңа байқаулар мен мүмкіндіктерді жіберіп алмаңыздар!