2024 жылы 28 қарашада ПМНО 23-2, ПиП-23-2, ПМНО-24-2 топтары арасында Шәкен Аймановтың туғанына – 110 жыл және Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына – 135 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты:
• Қазақ мәдениеті мен әдебиетіне елеулі үлес қосқан ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығымен білім алушыларды таныстыру;.
• Білім алушылардың тарихи тұлғаларға деген құрметін арттырып, ұлттық құндылықтарға қызығушылықтарын ояту.
Ұйымдастыру кезеңінде :
Дөңгелек үстел басында студенттерге Шәкен Айманов пен Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ мәдениеті мен әдебиетіне қосқан үлесі туралы ПМНО 23-2 тобынан Оразалыева Аяулым мен Сыдых Ақбота баяндама жасады.
Жүсіпбек Аймауытов туралы жазушының шығармашылығына талдау жасап, оның «Ақбілек», «Қартқожа», «Тәрбиеге жетекші» сияқты шығармаларының маңыздылығы талқыланды. Әдебиеттегі жаңашылдықтары мен педагогика, психология саласындағы еңбектері туралы пікірлер айтылды.
Студенттер Шәкен Аймановтың фильмдерінен үзінділер мен Жүсіпбек Аймауытовтың шығармаларынан монологтар оқыды.
Дөңгелек үстел соңында студенттерден кері байланыс алынып, қос тұлғаның қазақ мәдениеті мен әдебиетіне тигізген әсері туралы жалпы пікірлері тыңдалды .
Аға эдвайзер Мекадилова С.К., ПМНО-23-2 тобының эдвайзері Жапанова Р.Н. өз ойларымен бөлісіп, студенттерді тарихи тұлғалар есімін құрметтеуге шақырып, олардың еңбектерінің маңыздылығын түсіндірді.