2023 жылғы 31 мамырда фармацевтикалық пәндер кафедрасында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған кураторлық сағат өтті. Бұл күн біздің елімізде 1997 жылдан бері аталып келеді.
Заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру және ақтау жөніндегі жұмыс Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін басталды. 1993 жылы 14 сәуірде “Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы” Заң қабылданды.
Сондай-ақ, 31 мамыр-ашаршылық құрбандарын еске алу күні. 1921-1933 жылдар аралығында (1921-1922 және 1932-1933 жж.) қазақ даласы екі ашаршылықты бастан өткерді. Бұл біздің халқымыз үшін үлкен соққы болды. Әсіресе 1931-1933 жылдардағы аштық ХХ ғасырдағы адамзат тарихындағы бұрын-соңды болмаған трагедияға айналды.
Студенттер еліміздің ұмытылмас қорқынышты кезеңі туралы көптеген ақпарат алды.