13 мамырда дәрігер С.Г. Куур оқу топтарында салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігі, әсіресе алдағы сессияға қарсы денсаулықты нығайту туралы әңгімелер жүргізді.
Салауатты өмір салтын қалай қалыптастырады?
Жеке гигиена: жеке гигиена ережелері мен талаптарын сақтау әр мәдениетті адам үшін міндетті болып табылады. Дене мен ауыз қуысына күтім жасау, киім мен аяқ киімнің гигиенасы жеке ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар, өйткені оларды елемеу ұжымда аурулардың таралуына әкелуі мүмкін.
Тұлғааралық мәдениет: айналаңыздағы адамдармен сәтті қарым-қатынас жасау үшін сіз:
-айтпас бұрын ойланыңыз
-әңгімелесушіні мазақ етпеңіз
-әңгімелесушінің сөзін бөлмеңіз
-әңгімелесушіге қатысты тәкаппар, менсінбейтін мінез-құлықтан аулақ болыңыз
-әңгімелесушінің көзқарасын құрметтей біліңіз
-әңгімелесушіні есімімен атаңыз
Адамдарға құрмет көрсетіңіз, сонда сіз олармен үйлесімді және нәтижелі қарым-қатынасқа қол жеткізе аласыз!
3.Еңбек және демалыс режимі: нақты ұйымдастырылған өмір салтын ұстану, оқуда, демалыста, тамақтануда, ұйықтауда тұрақты режимді сақтау және дене шынықтырумен айналысу қажет.
4.Ұйқыны ұйымдастыру: студент үшін 7,5-8 сағат толық ұйқы қажет.
- Тамақтану режимін ұйымдастыру: таңғы асты өткізіп жіберу және кешке көп тамақтану әдетін жою керек. Құрамында ақуыздар , майлар мен көмірсулар бар әр түрлі тағамдарды 5 рет қабылдау қажет.
- Қозғалыс белсенділігін ұйымдастыру: аптасына 8-12 сағат жаяу жүруге уақыт арнаңыз: оқу сабақтары кезінде 8000-13000 қадам, емтихан кезеңінде 3000-4000 қадам, демалыс кезінде күніне 14000-19000 қадам. Таңертең гимнастика жасаңыз.
7.Жаман әдеттердің алдын алу: алкогольді, есірткіні, темекіні пайдалану студенттердің денсаулығына теріс әсер ететін көптеген аурулардың маңызды қауіп факторларының бірі болып табылады.
Дәрігер С.Г. Куур осындай және басқа да пайдалы кеңестер бере отырып, студенттердің сұрақтарына тұшымды жауаптар берді. Кездеу соңында иммунитетті арттыру үшін аскорбин қышқылы таратылды.