Флюорография – көптеген қауіпті ауруларды анықтау мақсатында өкпенің рентгенологиялық бейнесін алуға және зерттеуге мүмкіндік беретін медициналық процедура. Мысалы, қатерлі ісік немесе туберкулез ауруының белгілері алдын-ала байқалмайды және ауруды ертерек диагностикалау қиындық тудырады. Сонымен қатар флюорографияның көмегімен кейбір мынадай аурулардың белгілерін анықтауға болады:
– ісіктер;
– қабыну аймақтары;
– патологиялық түзілімдер болып табылатын қуыстар: кисталар, каверналар, абсцесс;
– склероз (қалыпты мүше тінін дәнекер тінімен ауыстыру);
– фиброз (дәнекер тіннің түйіршіктері мен тыртықтары);
– ағзадағы бөтен заттар.
Флюорографияны қаншалықты жиі жасауға болады ?
ҚР Денсаулық сақтау министрінің (м.а.) № ҚР ДСМ 2020 жылғы 15 қазандағы “Міндетті медициналық тексеруге жататын адамдардың нысаналы топтарын бекіту туралы” бұйрығының негізінде жоғары оқу орындарының студенттері туберкулездің даму мүмкіндігін болдырмау үшін өкпе флюорографиясынан жылына 1 рет өтуге міндетті. Ай сайын академия дәрігері кезекті флюорографиялық тексеру күнін көрсете отырып, студенттер тізімін жасайды және кураторлар арқылы алдын ала ақпарат береді. Бұйрық бұзылған және мерзім сақталмаған жағдайда студенттер сабаққа жіберілмейді. Заманауи цифрлық флюорографиялық жабдық флюорографияны денсаулыққа қауіп төндірмей жүргізуге мүмкіндік береді. Жақын ортада туберкулез жағдайлары анықталған кезде зерттеу алты айда бір рет тағайындалады. Емдеуші дәрігердің нұсқауы бойынша флюорографияны жиі жасауға болады. Зерттеудің осындай жиілігінде сәулеленудің рұқсат етілген дозаларынан асып кету де болмайды.
Флюорография қалай жүргізіледі ?
Процедура алдын-ала дайындықты қажет етпейді және аз ғана уақытты алады. Суретке түсіру үшін сіз аппараттың кабинасына кіріп, дәрігердің нұсқауларын басшылыққа ала отырып, дұрыс позицияны қабылдап, бірнеше секунд деміңізді ішіңізде ұстап тұруыңыз керек.
Қарсы көрсеткіштер
Флюорография 15 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге жасалмайды.
Уақытылы флюорографиядан өтіп, сақтанып, сау жүріңіз!
Дәрігер С.Г.КУУР