Бүгін біз сіздерді “Bolashaq” академиясымен таныстырып, фармацевтикалық пәндер кафедрасы туралы айтқымыз келеді.
Фармацевтикалық пәндер кафедрасы 2007 жылы құрылды. Мамандарды даярлау мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. “Фармация” білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларды даярлау 5 жыл мерзімде жүзеге асырылады.
“Фармация” білім беру бағдарламасы бойынша оқу үшін кафедра оқу-әдістемелік құжаттамамен толық қамтамасыз етілген: мамандықтың Мемлекеттік стандарты, оқу жұмыс жоспарлары және оқу жұмыс бағдарламалары бар. Кітап қоры 5000 данадан астам оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді құрайды.
Фармацевтикалық пәндер кафедрасының 9 оқу зертханасы бар, олардың ішінде:
- дәрілер технологиясы зертханасы,
- бейорганикалық химия және дәрілік заттарды зерттеу әдістері зертханасы,
- фармацевтикалық және аналитикалық химия зертханасы,
- биологиялық және токсикологиялық химия зертханасы
- органикалық және физколлоидты химия зертханасы
- ботаника және фармакогнозия зертханасы,
- .аспаптық талдау әдістері зертханасы
- өнеркәсіптік технологиялар зертханасы,
- фармацевтикалық гомеопатия зертханасы,
сондай-ақ мамандандырылған оқу аудиториялары бар.
Аудиториялық сабақтарда студенттер пәндер бойынша теориялық білім алады, ол семинарлар мен СОӨЖ-де практикалық дағдылармен бекітіледі.
Кафедра студенттері тәжірибелі оқытушылардың жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысады. Жыл сайын студенттердің ғылыми-практикалық конференциялары өткізіледі, онда студенттер өз зерттеулерінің материалдарын ұсынады. Ең белсенді студенттер әртүрлі деңгейдегі конференцияларда ғылыми баяндамалар жасауға мүмкіндік алады, ал олардың зерттеу материалдары ғылыми журналдарда жарияланады.
Кафедрадағы қоғамдық өмір қызықты және алуан түрлі. Кафедра студенттері мен оқытушылары қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі түрлі іс-шараларға белсенді қатысады.
Біздің түлектер Қазақстанның еңбек нарығында сұранысқа ие. Олардың мынадай аймақтарда жұмыс істеу мүмкіндігі бар:
- Кез келген меншік нысанындағы дәріханаларда және көтерме сауда фирмаларының дәріхана қоймаларында;
- Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы саласын басқару мен бақылаудың мемлекеттік органдарында;
- Дәрілік заттардың сәйкестігін растау органдарында және сынақ зертханаларында;
- Отандық және шетелдік фармацевтикалық фирмалардың медициналық өкілдері ретінде;
- Дәрілік заттарды әзірлеуге байланысты ҒЗИ-да;
- Фармацевтикалық зауыттарда және дәрілік заттарды өндіру фабрикаларында;
- Косметологиялық кабинеттерде;
- Токсикологиялық зертханаларда;
- Сот-медициналық сараптама зертханаларында.