«Республика күні – елдік пен бірліктің мерекесі»!

Бүгін «Bolashaq» Академиясында 25 қазан – Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – ел тәуелсіздігінің тарихи маңызын дәріптеу, мемлекеттік құндылықтарды ұлықтау және жас ұрпақтың патриоттық рухын күшейту болды.

Мереке аясында білім беру саласына сіңірген еңбегі мен Академияның дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар қызметкерлер облыстық және қалалық әкімдік тарапынан, сондай-ақ Академия ректоры атынан Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттармен марапатталды.

Салтанатты жиын студенттердің концерттік бағдарламасымен жалғасып, мерекелік көңіл күй мен елдік рухты арттырды.

Республика күні – тәуелсіздік пен бірліктің, ынтымақ пен жаңғырудың символы ретінде ерекше аталып өтті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.