2024 жылдың 07 қазаны күні «Bolashaq» Академиясында онлайн форматта дК-22-1к, дКР-22-1к, дК-23-1с, дКР-23-1с тобының студенттерімен педагогикалық (үздіксіз) практиканың ұйымдастыру конференциясы өтті. https://meet.bolashaq.edu.kz/playback/presentation/2.3/73d30f78314ff2e4356a8da5d01804741952b579-1728311886474 Конференцияға практика жетекшілері аға оқытушы Қ.Қ.Жанузахова, Н.К.Касетова, студенттер, Оқу – әдістеме басқармасының маманы Д.С. Сейтжанова қатысты.

Кәсіби практика студенттердің оқу үдерісінде алған теориялық және практикалық білімін кеңейтуге және бекітуге, таңдаған білім беру бағдарламасы бойынша тәжірибелік дағдыларды игеруге және жетілдіруге, болашақ кәсіби педагогикалық әрекетке дайындалуға бағытталған.

Конференция барысында студенттер практиканың мақсат-міндеттерімен және практика бағдарламасымен танысты. Жетекшілік ететін оқытушылар студенттерге практиканы ұйымдастыру бойынша барлық қажетті құжаттар мен әдістемелік нұсқаулық берді.

Практика бойынша қойылған сұрақтарға аға оқытушы Касетова Насихат Күмісбековна жауап берді. Студенттерге жолдама, практика күнделігі таратылып берілді.