2024 жылдың 30 қаңтарында Қарағанды облысы Білім басқармасының «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатында «Bolashaq» Академиясы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының профессоры Сембиев Құрманғазы Зәкірұлы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне «Педагогикалық білім беру бағытындағы жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдалану» тақырыбында семинар өткізді. Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанды дамыған бәсекеге қабілетті елдер қатарына енгізіп, олармен терезесін тең ететін – білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Мектеп өміріне еніп отырған технологиялардың ерекшелігі – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Жаңа әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі,өз шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.


