2024 жылғы 23 мамырдан 1 маусымға дейін Астана қаласында барлық балалардың білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыруға және оларды ауылдық жерлердегі білім алушыларды қолдауды қоса алғанда, баланың нақты қажеттіліктеріне бағдарланған физикалық және психологиялық қауіпсіз және инклюзивті ортада оқытуға бағытталған “Инклюзивті білім беру моделін” талқылау бойынша халықаралық семинар-тренинг өтті.
Бұл Модель барлық білім алушылар үшін психологиялық-педагогикалық жетістіктерге қол жеткізу мақсатында көптеген эпистемологиялық мысалдарды ескере отырып әзірленген, әсіресе ЖББ бойынша білім алушылардың ең оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуіне бағытталған. Модель мұғалімдер мен мамандарға кейбір теориялардың, тәсілдердің, тәжірибелердің негізгі элементтерін түсінуге және олардың ішінен студенттердің әр тобына, соның ішінде жоғары оқу орындарының студенттеріне ең қолайлы таңдау жасауға көмектесуге бағытталған. Сондай-ақ инклюзивті білім берудегі негізгі халықаралық тәжірибелерді, білім алушыларға өз әлеуетін толық ашуға көмектесуге бағытталған заманауи тәжірибелерді, стратегияларды, әдіснамалар мен әдістерді ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім беруде тең мүмкіндіктер беруге жәрдемдесетін инклюзивті білім беру идеологиясын қабылдауға мүмкіндік береді.
Тренингті халықаралық ғалымдар мен сарапшылар жүргізді: Доктор, Апостолия (Лия) Галанидің АНУК (Каподистриан атындағы Афина ұлттық университеті) Педагогика және бастауыш білім беру кафедрасының доценті, Доктор Лия Цермиду (PhD, Арнайы инклюзивті білім беру саласында), Петрос Галанис, білім беру саласындағы магистр, Рауан Сағадиева Педагогика және психология магистрі. “Ерекше балалардың ата-аналарының одағы” ұлттық қоғамдық бірлестігінің Басқарма төрағасы, Назарбаев университетіндегі білім беру көшбасшылығы және инклюзивті білім беру саласындағы магистр Шынар Ақтанова, Грузия мемлекеттік техникалық университетінің Халықаралық экономика бакалавры Джорги Турзеладзе және т.б.
Аталған тренинг жұмысына “Bolashaq” Академиясының Педагогика кафедрасының оқытушылары “Педагогика” кафедрасының меңгерушісі психология ғылымдарының кандидаты, магистр Абдрахманова Алуа Сабитовна, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Мамерханова Жанат Мұхамедханқызы, аға оқытушылар Жанысбаева Роза Мазраповна, Сарбасова Калимаш Амангелдиевна, Мекадилова Самал Кемелбаевна, Алексеева Евгения Андреевна қатысты.
Инклюзивті білім беруді енгізу бойынша халықаралық семинар-тренингтің басты мақсаты:
-ЖББ бойынша білім алушылардың психологиялық және педагогикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мамандандырылған қызметтер құру.
-ЖББ бойынша білім алушылардың бірегей қажеттіліктеріне жауап беретін мақсатты қолдау көрсету.
-әртүрлі ерекшеліктерді ескеретін инклюзивті оқыту ортасын құруға жәрдемдесу.
Оқыту нәтижелері бойынша білім министрлігіне және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне халықаралық үрдістер мен тәжірибені ескере отырып, жоғары оқу орындарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды қолдауға бағытталған тетіктер бойынша ұсыныстар жасалды.
“Педагогика” кафедрасының меңгерушісі Әбдірахманова А. С.