2025 жылғы 18 қыркүйекте Педагогика кафедрасының меңгерушісі Абдрахманова Алуа Сабитовна «Серпін» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, студенттермен буллинг пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша тренинг өткізді.

«Менің өмірімде буллингке орын жоқ» тақырыбындағы тренингтің мақсаты — студенттерге буллинг құбылысы, оның түрлері мен қоғамдағы көрініс механизмдері туралы ақпарат беру.


Бұл тәрбиелік іс-шара студенттерге буллингтің қалай көрінетінін, оны қалай тануға болатынын және оған қарсы тұруды үйренудің жолдарын көрсетуге бағытталды.
Студенттер буллингтің салдары мен оның алдын алу шараларын талқылап, өзара пікір алмасты. Олар қоғамдағы, әсіресе студенттік және мектеп ортасында буллингтің алдын алу жолдары туралы пікірталас жүргізді.


Аталған іс-шара психологиялық қызмет – «Өзіңді таны» клубының жоспарына сәйкес өткізілді.
Студенттер тренинг тақырыбының өзектілігін атап өтіп, оның өмірлік маңыздылығына тоқталды.