Өндірістік практика – болашақ заңгерлер жолындағы маңызды кезең!

23 сәуірде «Құқықтану» Білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері (Ю-21-1, Ю-21-2 топтары) өндірістік практика қорытындысы бойынша есеп беру жиналысын өткізді.

Студенттер құқық қорғау органдарында тәжірибеден өту және теориялық білімді практикада қолдану мүмкіндігі туралы өз әсерлерімен бөлісті.

Кездесу барысында тәжірибе өту кезеңінде алған кәсіби дағдылар талқыланды, сондай-ақ қорытынды бағалар қойылды.

Өндірістік тәжірибе-бұл білім мен тәжірибенің қиылысу нүктесі!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.