Өндірістік практика бойынша есеп қорғау жөніндегі қорытынды конференция

2025 жылғы 10 сәуірде «Қаржы» ББ 4-курс, Ф-21-1, Ф-21-2 топтары студенттерінің өндірістік практикасының есеп қорғау бойынша қорытынды конференциясы өтті.

Өндірістік практика бойынша есепті қорғау практикадан өтудің соңғы кезеңі болып табылады және мынадай бағыттарды қамтиды:

  • мамандық бойынша практикалық дағдыларды меңгеру деңгейін бағалау;
  • студенттің теориялық білімді нақты кәсіби қызметте қолдану қабілетін тексеру;
  • практика бойынша есепті орындаудың толықтығын, өзектілігін және дербестігін бағалау.

Есептерді қорғау жөніндегі комиссияның құрамына құқықтық және қаржы пәндері кафедрасының аға оқытушылары Тайлақ Ә.Е., Усувалиева З.К., Бузаубаева П.Н., сондай-ақ УМУ практика маманы Қонысбаева Ж.М. кірді.

Студенттер практика өткен ұйымдар, орындалған міндеттер, нәтижелер мен қорытындылар туралы ақпаратты қамтитын презентациялар жасады.

Жалпы, есептерді қорғау нәтижелері студенттердің практикалық дайындығының жақсы деңгейін көрсетеді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.