Тақырыбы; Нашақорлық пен ішімдіктің адам ағзасына тигізетін кері әсері.
24.09.2024 ж. Фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Темиреева К.С. нашақорлық пен ішімдіктің адам ағзасына тигізетін кері әсерлері туралы ашық кураторлық сағат өткізді. Кафедра меңгерушісі Пахомова Д.К. кіріспе сөз сөйледі. Кафедра оқытушылары Шащанова Р.Б., Блялов С.А., Фм 23-2 тобының студенттері Икрамова Гульбану нашақорлық пен токсикомания, Сәрсенбаева Зарина алкоголизм туралы мақала дайындады.
Нашақорлық қандай ауру? Нашақорлық-наркомания (грек тілінен narke – мелшию және manіa – ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы, өзіндік ерекшелігі бар ауру. Онымен күресті тек кешенді, барлық әлеуметтік, дәрі-дәрмектік әдістерді қолдана отырып күресу қажет.
Қазiр Қазақстанда ресми мәлiмет бойынша 54 мыңға жуық нашақор тiркеуде тұр. Тiркелмегендерiнiң қанша екенi әзiрге белгiсiз. Үстiмiздегi жылы мамандар нашақорлыққа бас ұрған адамдарға арнайы тексеру жұмыстарын жүргiзген. Нәтижесiнде нашақорлардың 60 пайызы 30 жасқа дейiнгi жастар мен әйел адамдар екенi анықталып отыр.Есiрткi таратуға қарсы қылмыстық жаза күшейтiлдi. «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу кодекстерінде есірткінің заңсыз айналымы аясындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері қарастырылған. Нашақорлық — адамзатқа берілген ең ауыр жаза. Нашақорлық-өзін-өзі өлтірудің ең баяу тәсілі, өз бойындағы өмірді, ерікті, ақылды, қабілетті саналы, ерікті түрде бұзу.
Фм 23-2 тобының студенті Сарсенбаева Зарина маскүнемдік туралы мақаласында маскүнем адамның ұдайы ішімдікке салынуы туралы, ондай адамның сыра, арақ, шарап және сол сияқты ішкіліктерді шамадан тыс пайдалануды бақылай алмайтындығы туралы айтты. 29 қазан — дүниежүзілік алкогольден бас тарту күні болып жарияланғаны белгілі. Бұл күн Қазақстан мен бүкіл әлемге қауіп төндіріп, жүйке-неврологиялық және басқа да инфекциялық аурулардың өршуіне әкеліп соқтыратын, бауыр циррозы, қатерлі ісіктің әр түрлері мен мезгілсіз, ерте өлімнің негізгі себебі боп табылатын «ащы суға» тәуелділіктің алдын алу мақсатында атап өтілуде.
Жас достар! Нашақорлықпен маскүнемдікке қарсы күрес жүргізу – біздің қолымызда, өйткені біздер жаңа дәуірде елімізді сақтайтын денсаулығы таза, мықты ұрпақ жалғастыратын қазақ елінің салауатты перзентіміз… Ойланайық! Санамызға сала пайымдайық!
Өткізілген ашық сабақтың тәрбиелік маңызы зор!