2025 жылғы 14 мамырда «Bolashaq» Академиясында Наманган мемлекеттік педагогикалық институты (Өзбекстан) делегациясының ресми сапары болып өтті. Делегация құрамында – 12 оқытушы мен 18 студент болды.

Сапар бағдарламасы серіктестік байланыстарды нығайтуға және жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірқатар іс-шараларды қамтыды.



Салтанатты шараны Академия ректоры, PhD докторы Аданов Қуанышбек Бұланұлы ашты. Кездесу барысында жоғары оқу орындарының тұсаукесері өтті және өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжатқа Академияның Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Асакаева Дана Саламатқызы және ҒПИ – дің ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректоры Қадырханов Муродхон Рашидханұлы қол қойды.



Мәдени-таныстыру бағдарламасы аясында қонақтар Қарағанды қаласының жетекші спорт нысандарына, соның ішінде С.Сәпиев атындағы Бокс орталығына, «Қарағанды Арена» спорт кешеніне және теннис орталығына барды. Делегация инфрақұрылыммен, спортшыларды даярлау шарттарымен және бұқаралық студенттік спортты дамытумен танысты.





Карлаг мұражай-мемориалдық кешеніне (Долинка кенті) экскурсия ерекше әсер қалдырды. Қатысушылар қуғын-сүргін тарихына арналған экспозицияларға барып, Академияның «Карлаг: болашақ үшін естелік» зерттеу жобасының нәтижелерімен, оның ішінде Карлаг тұтқындарының тағдыры туралы бұрын мәлім болмаған, кейін табылған мұрағаттық естеліктермен танысты.






Бұл сапар халықаралық ынтымақтастықты, академиялық ұтқырлықты және мәдени диалогты дамытудағы маңызды кезең болды, бірлескен білім беру және ғылыми бастамалар үшін жаңа перспективалар ашты.
